Уақыты: |
Күні: 08.11.2019 ж. Коуч: Жунусова Гаухар Мешитбаевна |
||
Коучинг сабақтың тақырыбы |
Басқару және көшбасшылық | ||
Жалпы мақсаты |
Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту. |
||
Күтілетін нәтиже |
Топтаса жұмыс атқара отырып,басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді. Кәсіби білім, біліктері өседі. |
||
Әдебиет |
1. Мұғалімге араналған нұсқаулық. 2. Үлестірме материалдар 3. А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» атты оқу құралы, Алматы 2013ж. 4. А.Әліміов. «Оқытудағы ИНТЕРБЕЛСЕНДІ әдіс-тәсілдер» |
||
Уақыт |
Коучтің әректі |
Тыңдаушылардың әрекеті |
|
1.Топтау: От. Су. Күн. Ай. Қима қағаздар арқылы әр топ бір-бірін тауып алады. (пазл үлгісінде тарату) Әр топқа өз атауларына байланысты анықтама беру. От - қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар. Су - жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар. Күн - жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ. Ай - ойшыл да, арманшыл. Қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар. |
Пазлдар арқылы топқа бөлінеді. |
||
2. Ой қозғау: Тақтаға әр саланың өзіндік ерекшелігімен аты айшықталған тұлғалар суреттерін көрсету. Бұлар кімдер? Барлығында қандай ортақ қасиет бар? Неліктен халық оларды ерекше құрметтейді? Т.б сұрақтар қою Формативті бағалау |
Тақтадаға ілінген суреттегі әрбір кісі жайлы пікірлеседі. |
||
Асоцияция әдісі арқылы көшбасшыға тән қасеттерді атау: 1. Оптимист 2. Әділ, қарапайым 3. Мәдениетті 4. Шығармашыл 5. Зерттеуші гуманист 6. Жаңашыл Формативті бағалау |
Көшбасшыға тән қасеттерді тақтаға шығып жазады. |
||
Сахналық көрініс: 1. Қатал көшбасшы 2. Сабырлы көшбасшы 3. Еңбекқор көшбасшы 4. Қайырымды көшбасшы Аталған образдарды топта аса шығармашылықпен сомдау. Критерилер арқылы бағалау Кері байланыс: Не түсінгені жайлы, көшбасшы болу үшін қай қасиеттерді ұстанғаны дүрыс екендіктерін сұрау |
Әрбір топ көшбасшы түрлеріне байланысты шынай түрде көрініс көрсету. |
||
Топтық жұмыс: 1-топ: Көшбасшы – ол.... 2-топ: Көшбасшы болу үшін.... 3-топ: Көшбасшы алдымен... 4-топ: Көшбасшы болып тумайды, ол қалыптасады, себебі... (4 топ берілген тапсырманы шығармашылықпен орындау керек екендігі айтылады.)
|
Бұл тапсырманы әр топ өз шығармашылықтарымен орындайды. |
||
Жеке жұмыс: Қатысушыларға өз бойларында көшбасшылққа тән қанша қасиет бар екенін анықтату. Әр қатысушыға парақша тарату. |
Көшбасшыға тән қасиеттердің өзінде қанша пайызы бар екенін анықтайды. |
||
Слайдпен жұмыс: Көшбасшылық ұғымын түсіндіру. (МАН) |
Көшбасшы ұғымы жайлы мәлімет алады. |
||
Бейнекөрініс «Интузиазм лидера» Топта талқылатып, 1 қатысушы өз ойларын қорыту. |
Бейнекөріністі көріп, топта пікірлесіп, ортаға біреуі шығып ой қорытады |
||
Кері байланыс: Тақтаға үлкен түрі көрсетіледі.
|
Барлық қатысушыға ақ парққа өз алақандарын салып, әрбір саусақ ішіне сұрақтың жауаптарын жазады. |