2025 жылғы 23 сәуірде "Горький атындағы ЖОББМ" КММ-де Ақкөл ауданы ПБ криминалдық полиция бастығы полиция майоры Еділіпов Азат Серікқалиұлымен және учаскелік инспектор полиция капитаны Джанабаев Айдос Асылханұлымен педагогикалық ұжымның, мектеп қызметкерлері мен оқушылардың кездесуі өтті. Қатысушылардың назарына буллинг, интернет алаяқтық, есірткіні таратқаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді, сондай-ақ жыныстық қол сұғылмаушылық мәселелері талқыланды. Балаларға құқық бұзушылықтың алдын алу туралы буклеттер таратылды.